"Бұл атақтың орны бөлек": Жүрсін Ерман Ұлытау облысының "Құрметті азаматы" атанды

4940
Adyrna.kz Telegram

Жақында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінен шыққан белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман Ұлытау облысының "Құрметті азаматы" атанды. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

 "ҚР Республикасы күніне орай жаңадан құрылған облыс тарихында тұңғыш рет бес мемлекет және қоғам қайраткеріне Ұлытаудың "Құрметті азаматы" атағы берілген болатын. Бүгін Ұлытау облысының мәслихат хатшысы Б.Шыңғысов денсаулығына байланысты салтанатты шараға қатыса алмаған айтыс өнерін ұйымдастырушы, қазақ телевизиясының ардагері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға "Ұлытау облысының Құрметті азаматы" атағын тапсырды", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер