"Бұл қаза Лукашенконы әлсіретіп, Путинге пайда әкелді": Макейдің жұмбақ өліміне кім кінәлі?

3834
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік-израильдік саясаткер, қоғам қайраткері Леонид Невзлин өзінің телеграм-арнасында Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макейдің жұмбақ өліміне Кремль билігінің қатысы бар екенін жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Министр Макей күтпеген жерден қайтыс болды. Ол Лукашенконың кішкентай Макиавеллиі, интрига шебері және Батыспен бас келіссөз жүргізушісі еді. Ештеңемен ауырмады. Кеше Рим папасының елшісімен сөйлесті, жоспар құрды. Көптеген қызық кездейсоқтықтар орын алып жатыр. Кремльдегі ақпарат көздерінің айтуынша, дәл қазір Путин Лукашенконы ауыстыру жоспарын дайындап жатыр. Ал RLI институты Путин Беларусь армиясын бақылау үшін Лукашенконы жойғысы келетінін жазды. Кремльге жақын телеграм-арналар Ресей екі армияны өз қолбасшылығына біріктіруге ұмтылып жатқанын, бірақ бұл Лукашенконы елді басқару мүмкіндігінен айырады, ал ол қарсылық танытып жатыр деп жазуда. Макейдің өлімі Путинге пайдалы. Бұл қаза Лукашенконы әлсіретеді, оның денсаулығы да қатты нашарлады. Енді оны президенттіктен алып тастау тіптен оңайырақ болады. Айтпақшы, күні кеше ғана Макей Лукашенко және Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Александр Вольфовичпен ҰҚШҰ отырысына бірге ұшып, Ереваннан қайтып еді. Онда ол ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьпен де кездесті. Зась пен Вольфовичті Мәскеу Лукашенконың орнына негізгі үміткерлер ретінде қарастырады. Ал Макей Кремль стратегтерінің дәл осы жоспарына кедергі болуы мүмкін", - деп жазды Леонид Невзлин. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер