"Ресейге деген жеккөрушілік асқынды" - Кремль Еуропарламент шешімін қалай қабылдады?

3591
Adyrna.kz Telegram

Кремль "Ресейді терроризмнің демеушісі" деп таныған Еуропарламенттің шешімін жүрекке жақын қабылдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Песков «Россия-1» телеарнасының «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Әрине, соңғы жылдары Еуропарламенттің бізге деген ерекше сүйіспеншілігі болмағаны біз үшін құпия емес. Бұған жауап ретінде бізде ол жерде болып жатқан оқиғаларды есепке алуға аса құлшыныс танытпадық. Ресейге деген жеккөрушілік пен ашықтан-ашық русофобия тым асқынған жағдайда жүрекке жақын қабылдамадық десек болады. Бірақ оның заңды күші жоқ. Оған осылай қарау керек», - деді Песков.

Оның айтуынша, Еуропарламент өз жұмысын «эмоционалды көзқарасқа» негіздейді.

"Ал эмоциялар - бұл құбылмалы мәселе. Бүгін русофобиялық, ертең тағы басқалары болады. Содан кейін мүмкін көздері ашылар", - деді Путиннің баспасөз хатшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер