«Тоқаев әлемдік деңгейден бастап қарапайым ауылды түсінетін сан қырлы тұлға!» - Тазабек

7522
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабек Тоқаев жайлы кезекті жүрекжарды жазба жариялап, оны “сан қырлы тұлғаға” теңеді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы жазады.

“Әлемдік деңгейдегі ауқымды идеялардан бастап, қарапайым ауылдың сұрағына дейін толық түсінетін жан-жақты, сан қырлы тұлға президентіміз болып сайланды.

Қасиетті Меккеде жалғыз тілек -“Елім аман болсын” деп тілеген екен. Ердің дұғасы қабыл болып, аман елдің ауыр жүгін әділдікпен, адалдықпен алып жүруіне Алла Тағала жәрдем етсін!

Соғыс пен зұлмат, пандемия мен кризистердің заманында біз де ынтымақпен еріп, аманат арқалаған еріміздің қолын ұзартып, жолын кеңейтейік.

Күшті әлсізді басынып, көп азды тықсырып, қара ниеттілер қарқындап, ақ пейілділер ах ұрып тұрған заманда, Қазақтың көк туы қиаметке дейін тозбай желбіреп, кеңшілік пен молшылықта, қайғы-қасыретсіз ғұмыр кеше берейік!”,- деп жазды Мұхамеджан Тазабек өзінің фейсбук парақшасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер