“Менің түкіргенімді емес, олигархтардың халық бетіне түкіргенін айтыңдар!” - депутат Ерлан Саиров

3524
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров өзін қытымыр қыста жөнсіз түкірді деп айыптаған көпшілікке жауап берді. Оның ойынша, өзін емес, халықтың бетіне түкіріп отырған олигархтарды жазалайтын кез жетті. Мұны “Адырна” ұлттық порталы хабарлады.

- Менің қақаған аязда жерге "түкіргенімді" бір жақты еттік. Ал олигархтардың халықтың бетіне түкіргенін не істейміз? Олигархтар халыққа,  қоғамға, мемлекетке қанша рет "түкіріп", елге зиянын тигізуде. Олардың халықтың мұң-мұқтажы мен мемлекетке расында зиянын қалай есептейміз? Ертең еліміздің жылу энергетика саласына қатысты Депутаттық Сауал жолдаймын. Олигархтар құбылыс ретінде саяси, экономикалық аренадан кетуі керек! - деді ындыны қатты депутат.

Еске сала кетейік, депутат Ерлан Саиров тікелей эфир кезінде жерге түкіріп, бейәдеп қылығы үшін көршіліктің ашуын туғызған еді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер