Қытайдың бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь дүниеден өтті

2740
Adyrna.kz Telegram

Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Цзян Цзэмин 2022 жылдың 30 қарашасында 12:13-те (Астана уақыты бойынша 10:13) 96 жасында Шанхайда лейкоз және көп мүшелердің жетіспеушілігінен қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Цзян Цзэминь 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарса, 1985-1989 жылдары Шанхай қаласының мэрі болды.

Пікірлер