Ауғанстандағы мектепте жарылыс болып, 35 адам қаза тапты

2481
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстандағы мектепте жарылыс болып, 35 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ауғанстанның Айбак қаласында түскі намаз кезінде жарылыс болды. Жарылыстың себебі әзірге хабарланған жоқ.

Зардап шеккендердің көпшілігі мектеп оқушылары екені нақтыланып отыр.

Hasht e Subh газетінің хабарлауынша, құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін шығаруды және ғимараттан зардап шеккендерді шығаруды жалғастыруда.

Пікірлер