Президент қысқы жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруды тапсырды

3293
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/tokaevf9ab30d026f2f1659a2e12b45e7f075a-2048x1437-1-960x500.jpg?token=5b888eec9559123bf88af9df95beb1ea
Орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құрылатын болды. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
«Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды», - делінген хабарламада.
Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.
Комментарии