Ақтөбеде әйелді зорлағаны үшін 8 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

3877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/f1c2fe1c-1e59-4083-b11a-46c7085f2a42.jpeg
Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды»,—делінген хабарламада.
Күдікті ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау" бойынша іздеуде жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Комментарии