Хаменова сот үкіміне шағым түсірді

2575
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/6c91f7e2-b857-4a00-9792-75f0241e9456.jpeg
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 15 қараша күні Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Айыпталушының 2 жасар баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігін қолдану арқылы жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды. Әзірге облыстық сот алқасы шағымды қарап үлгермеді.
Комментарии