Украинаның Астанадағы елшілігі "миналанды"

1142
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Полицияға Украинаның Астанадағы елшілігінің ғимаратында бомба бар деген ақпарат түсті. Бұл факті Есіл ауданы полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 1 желтоқсан күні болды.
Полицияға Украина елшілігінің консулы арызданған. Айтуынша, электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген.
"Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді. Тексеріс барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды", -деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket