"Екібастұз – жемқорлықтың жемісі": Алматыда белсенділер Екібастұзды қолдап акция өткізді

2340
Adyrna.kz Telegram
Фото: vlast.kz
Фото: vlast.kz

Алматы Oyan қозғалысының белсенділері жылусыз қалған Екібастұз қаласын қолдау үшін акция өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Oyan қозғалысының белсенділері Влада Ермольчева мен Мария Кочнева -7 градус суыққа қарамастан жеңіл киініп, қолдарына "Екібастұз – жемқорлықтың жемісі", "Кеше сайлау, бүгін Екібастұз, таңдауымыз осы ма?" деп жазылған плакат ұстаған. 

Олар жергілікті биліктің отставкаға кетуін талап етіп, биліктің Екібастұздағы проблемаға көз жұма қарауын сынға алды. Полиция акция біткенін күтіп, жарты сағаттан кейін белсенділерді ұстап әкетті.

«Екібастұздың тоңып жатқан тұрғындарымен бірлестік белгісі ретінде белсенділер сырт киімсіз митиңге шығып, ондағы адамдардың өзін қалай сезінетінін көрсетіп, Қазақстандағы жылу желілерінің тозығу мәселесіне назар аударғымыз келеді. Осы күнге дейін елдің түкпір-түкпірінде зардап шеккендерге халық көмек жинайды, ал билік болып жатқан оқиғаға мән бермейді», — делінген қозғалыс парақшасында.

Ал бүгін билік Екібастұзда жылусыз қалған үйлерге түнге дейін жылу береміз деп тағы да уәде етті. 

Пікірлер