Солтүстік Корея (КХДР) оңтүстіктегі бауырларын атқылауды бұйырды

3959
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/pyh2022101418670001300_p4-copy.jpg
Солтүстік Корея (КХДР) оңтүстіктегі бауырларына топ [зеңбіректің оғы] атты.  Олар өз артиллериялық аймақтарынан Оңтүстік кәрістердің теңіз аумағын атқылап, ту-талақайын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы оңтүстік кәрістердің "Yonhap" агенттігіне сілтеме көрсете отырып хабарлайды.  Деректерге көз жүгіртсек, КХДР-дің мұндай шорт қадамға баруына Оңтүстік Кореяның шекара маңындағы шектен тыс "белсенділігі" себеп болған. Оларға іргелес отырған ағайындарының "жансебіл жүріс-тұрысы" жақпай қалған. Мұны Корея Халықтық Армиясының (KHA) Бас штабы:
"Біз шұғыл түрде алдыңғы қатарлы артиллериялық бөлімшелерге теңіз тұсын көздеп, оларға қарсы артиллерия оғын атуды бұйырдық. Бұл - қатаң ескерту!" ― деп түсіндірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии