Ақтөбе облысы, Алға ауданының полиция бөлімі Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтің пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы хабар таратты. Бөлімшеге 12 желтоқсан күні түнгі 00:50-де суыт хабар келіп түскен. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz" порталына сілтеме көрсете отырып хабарлайды.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасындағы жанжалдың өршіп, салдарынан округ әкімінің ажал құшқанын анықтады.
Қарабұлақ ауылы әкімдігі оқиғаны растағанымен, мән-жайын ашып айтпай отыр. БАҚ өкілдеріне:
"Жанжал барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ жарақатын салған. Оқиға салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады Polisia.kzОсы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды.
"Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі әкім, екіншісі маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нақты білмеймін. Жалпы ауылда негізі 500 адам тұрады", - деп жауап берген Қарабұлақ ауылы әкімдігінің өкілі.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әкім пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқан. Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғанына көз жеткізілген. Егжей-тегжейлі тергеу ісі жүріп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Қазақстан
саясат
ақтөбе облысы
батыр
әкімдер
тергеу ісі
Жаңа Қазақстан
саяси жаңалықтар
#ауыл_әкімі
әкім қара
ақтөбе облысы әкімі
округ әкімі
өмір мен өлім