Өзбекстан көктемде Конституцияға өзгерістер еңгізу бойынша референдум өткізбек

2752
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан Конституциясына өзгерістер мен түзетулер еңгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізбек. Дауыс беру 2023 жылдың көктеміне жоспарлануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Озодлик» радиосы 21 желтоқсанда үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап, дауыс беру Наурыздан кейін өтетінін хабарлаған еді.

Сондай-ақ, дауыс беруге Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және АҚШ бақылаушылары шақырылғанын мәлімдеді.

Ең көрнекті түзету – президенттік өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту. Егер жаңа Конституция қабылданатын болса, қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің осыған дейін сайлауға түскен кезеңдері жойылады. Оның қайта президент сайлауына түсуіне мүмкіндік туады.

Референдум осы жылдың соңында өтеді деп күтілген еді. Бірақ шілде айының басында Қарақалпақстан Республикасындағы толқулар салдарынан бұл жоспар жүзеге аспады.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы әзірге референдум өткізетін күнді белгілеген жоқ.

Пікірлер