Назарбаев стипендиясының атауы өзгертілді

3226
Adyrna.kz Telegram

Үкімет тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.

Жарлыққа сәйкес, жаңа атау – "мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп аталатын болады.

Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалатын болады.

Пікірлер