АҚШ: Қытай біздің чиптерімізден жасырын түрде атом қаруын жасап жатыр

2850
Adyrna.kz Telegram

Америкалық өндірушілер Қытайдың соғыс саясаты жайлы пікір білдірді. Олар Қытайға АҚШ-тан  тасымалданатын тауарды елеп-екшеп, түбегейлі тексеру мүмкін еместігін айтып отыр. Тыйым салынып, шектеу қойылған құралдардың өзі Қытай асып кеткен. Солардың бірінен (чиптерден) қазір олар атом қаруын жасап жатыр, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы "The Wall Street Journal" басылымына сілтеме көрсете отырып.  

Ядролық қару бойынша зерттеулер жүргізетін Қытай институты өздеріне салынған санкция қамытына  қарамастан бірнеше жыл бойы Американың өндірген компьютерлік чиптерін сатып алып келген.

Басылымның хабарлауынша, ядролық қару әзірлейтін Қытай инженерлік физика академиясына 1997 жылы санкция салынған. Дегенмен кісенге түскен компания 2020 жылға дейін "Intel" және "Nvidia" компанияларының жартылай өткізгіш чиптерін емін-еркін алып отырған.

Қытайлықтарға чиптерді елдегі делдалдардан жеткізеді. Басылым беттерінде:

- Бұл жердегі әңгіме 7-ден 14 нанометрге дейінгі чиптер туралы болып отыр. Қытай мұны өз күшімен жаппай өндіре алмайды. Алайда, бұл чиптер тұтыну нарығында кеңінен қолжетімді және қытай базарларында еркін сатылады, - деп жазылды.

Сонымен қатар:

"Мұндай өнімдерді жаппай сатуға тоқтау салу өзге державалардың атом қаруын жасауына жол бермеуге бағытталған", – деп атап өтті басылым.

Nvidia компаниясы компьютерге арналған графикалық чиптерінің күллі әлемге жаппай сатылып жатқанын мойындады. Оның әрбірін жеке бақылап, қайда кетіп жатқанын қалт жібермей бақылап отырудың мүмкін емес екендігін ескертті.

Автор өз мақаласында мұны Байденнің саясатымен байланыстырады.

"Байден Қытай Қарулы Күштерінің американдық технологияларды қолдануына қарсы агрессивті бірбеткейлік танытуға тырысады", – дейді материал авторлары.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер