"The Ring": Жәнібек Әлімханұлы үздік боксшылардың үштігіне кірді

6416
Adyrna.kz Telegram

Беделді The Ring журналы әр салмақ дәрежесі бойынша үздік боксшылардың жаңа рейтингісін жариялады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Орта салмақтағы тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы қазір вакантты. Геннадий Головкин бұл салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болса, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша белбеу иегері.

The Ring нұсқасы бойынша ең үздік орта салмақтағы Топ-10 боксшы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (3). Хайме Мунгия (Мексика)
3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания)
6 (7). Риота Мурата (Жапония)
7 (8). Сергей Деревянченко (Украина)
8 (9). Эрисланди Лара (Куба)
9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания)
10 (5). Кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания)

"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер