"Меня зовут Аселя" дейтіндер қазақ болыңдар! - Дәулет Мұқаев (ВИДЕО)

8206
Adyrna.kz Telegram

Белгілі экономист, блогер Дәулет Мұқаев ана тілін менсінбей, өз есімдерін орысшалап айтатын қазақтарға үндеу тастады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Байқайсыздар ма?! Қоғамда мынадай бір тенденция бар секілді... Кім орысша сөйлейді сол "оқыған, өзінше, сауатты, мүмкін ақшасы бар адам" сияқты көрінетін сияқты. Одан бөлек бағана сауда үйінде сатушы қыздың бейджигінде аты "Аселя" деп тұр. Мен оған  "Әсел" деп сөйлеп жатсам, маған "Меня зовут Аселя" дейді. Мен "Аселя-ау! Ауылдан шыққан кезде "Әсел" болған шығарсың" дедім. Әйгерім, Айнұр, Айгүл деген аттардың барлығы қазақша айтылады да, кейін қалаға келіп "Айнура, Айгерима, Айгуля" болып кетеді. Қазақ болайық! Кезінде орыстар менің атымды құжат бойынша "Даулет" деп жазып кеткен ғой. Бірақ мен оны елде "Дәулет" деп айтамын. Сондықтан атымызды қазақша айта жүрейік!",- дейді Дәулет Мұқаев.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер