“70 жылдық тарихымыз бар ғой”: Алматыдағы №132 гимназия директорының желіде видеосы тарады

2651
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыдағы №132 гимназиясындағы қазақша жазулар жетімнің күйін кешіп тұр. Ал мектеп директоры орыс тілін қолдап,  тіпті, Қазақстанның тарихын 70-жылдық деп отыр. Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Дархан Ардақұлы ТикТок желісіне бірнеше видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алғашқы видеода мектеп ұжымы оқушыларды  “Россия нам 30 лет” атты фильмге апарғаны айтылады.

“Бұл мектеп оқушыларға орыстың саясатын жүргізіп отыр. Бұл не масқара! Тәуелсіз елге орыстың саясатын жүргізу деген бассыздық!”, - деді видеода белсенді.

Белсенді 132 гимназияның директоры Абдиманапова Қарлығаштан Ресей пропагандасын насихаттайтын фильмге не үшін апарғандарын сұрады. Ал директор “сіз кімсіз меннен сұрақ алатын” деп ашуланып, фильмде Ресей пропагандасы жоқ екенін айтып ақталды.

“20 оқушы барды. Фильмнің ұйымдастырушылары кәсіптік бағдар бойынша фильм деп ақпарат берді. Біз Ресей саясатын жүргізіп жатқан жоқпыз…

Қателік болды, мен оны мойындаймын. Білім басқармасынан қатаң сөгіс алдым. Оған байланысты мен өз жұмысымды басқаша ұйымдастыратын болдым. Мен балаларымды ешқайда шығармаймын және мектепке ешкімді кіргізбеймін. Өйткені, барлық өткізілетін іс-шараның мазмұнына қарап жатырмыз. Мектепте өтіп жатқан іс-шаралардың барлығы орыс тілі тобы болсын, қазақ тілі тобы болсын, тек қазақша өтеді”, -деді директор.

Сондай-ақ, мектеп директоры “Қазақстанның 70 жылдық тарихы бар” деп көптің ашуын туғызды.

“70 жылдық тарихымыз бар ғой. Біз мектепте оқып жатқан кезде, бізге “адам болғың келсе, орысша оқы” деп айтты”, - деді директор Қарлығаш Ақанқызы.

Пікірлер