Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалған екі қазақстандықтың мәйіті табылды

5238
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі табылып шығарылғанын мәлімдеді.

«Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына қол жеткізу үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады.

Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты»,—деп түсіндірді ведомство.

Пікірлер