Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын жеңді

2723
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 Mubadala Abu Dhabi Open сайысында бақ сынады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, цехиялық Каролина Плишкова жүздесті.

Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Матчта қазақстандық спортшы 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ширек финалда Рыбакина Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) мен Юлия Путинцева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аталған турнирдің жалпы жүлде қоры 780 637 АҚШ долларын құрайды.

Пікірлер