Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды

4490
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сергей Александрович 1951 жылы 30 наурызда Ресей Федерациясының Приморск өңірінде дүниеге келген.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

«Казахстан; реформа, рынок», «Социал-демократия: история, теория, практика», «Казахская земля - колыбель моя (Книга жизни)», «Арифметика успеха. Алгебра власти» деген кітаптары бар.
ІІ дәрежелі «Барыс», І дәрежелі «Достық», «Дружба» (РФ) ордендерімен, медальдармен марапатталған, Президент сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Пікірлер