Сенатор Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді ұсынды

2301
Adyrna.kz Telegram

Сенатор Алтынбек Нұхұлы қазақ халқының көрнекті ұлы, шығыс елдерінен шыққан тұңғыш академик, әлемге әйгілі ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Бұл туралы ол Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сенатор осы шаралар жоспарын қарап, оны бекіту үшін мемлекеттік комиссия құруды да ұсынды.

"Ғалымның туған елі – Павлодар қаласының аэропортына "Академик Қаныш Сәтбаев" есімін беруді және алғашқы академиктің 10 томдық толық жинағы мен 5 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау және энциклопедиясын толықтырып, жаңадан екі тілде шығаруды ұсынамыз. Қазақстандағы Сәтпаев музейлерін заманауи талаптарға сәйкес қалыпқа келтіру, Қаныш Сәтпаевтың туған жерінде мемориалдық кешен салу және бұған дейінгі депутаттық сауалда көтерілген 30 километрлік туристік жолды салуды бастау маңызды", - деді  Алтынбек Нұхұлы. 

Пікірлер