"Күн-түн демей бар күшімізді сарп еттік" - Абырой арқалаған құтқарушылар бүгін елге оралады

5212
Adyrna.kz Telegram

Зілзала зардаптарын жоюға Қазақ елінен арнайы аттанған құтқарушылар жасағы бүгін елге оралады. Олар жер сілкінген аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстарына батыл араласты, жергілікті халықтың алғысына бөленіп, абырой арқалап келе жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылардың бірінші легі Түркиядан Алматы қаласына 2023 жыл, 18 ақпан, сағат 23.10-да келеді. Қазақ елінің құтқарушылары күн-түн демей күшін сарп етіп, Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды және 7 адамды құтқарды.

Түркиядағы азаматтық істің басында жүрген ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев мәлімдеме жасады:

Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Күн-түн демей кезекшілікке бөлініп құтқарушыларымыз жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Басқа мемлекеттердің, осы Түрік елінің құтақрушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтап жатырмыз, - деді маман. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер