Енді Ресей мектептерінде "тәрбие тәлімгерлері" пайда болып, телевизияда арнайы сабақ өтіледі

2632
Adyrna.kz Telegram

Енді Ресейдің барлық мектептерінде "тәрбие тәлімгерлері" пайда болады. Олар оқушыларды ата-анасымен бірге қайта тәрбиелеп, Ресей билігінің пропагандасымен, саясатымен санасын "улаудың" жаңа әдісіне көшеді. Тәрбие жөніндегі кеңесшілер мақтатты түрде келесі оқу жылынан бастап қызметке кіріседі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 'ТАСС'-қа сілтеме көрсете отырып. 

- Барлық Ресей мектептерінде "тәрбие жөніндегі кеңесшілер" пайда болады. Келесі оқу жылынан бастап әр аймақта мемлекеттен төленетін қосымша ақысы бар "тәрбие жөніндегі кеңесші" лауазымы енгізіледі", - деді Білім министрлігінің басшысы Сергей Кравцов. Олар балалардың "патриот" болып өсуін қадағалап, ел-жерін шексіз сүюге үйретпек. Бұл лауазымға В. Путин бастаған "арнайы операцияға" қатысушыларды да қабылдау ұсынылған.

Білім министрі оқушыларды ғана емес, олардың ана-аналарын да қайта тәрбие тезіне салатынын айтты.

"Ата-аналарға еліміздің жетістіктерін баса айтып, қажет дүниелерді үйреткен дұрыс. Менің ойымша, бұл бастама ата-аналарға да қызықты болар еді", - деді министр.

Оқушылар мен ата-аналар үшін  "Маңызды әңгімелер" мектепте ғана айтылып қоймайды, 20 ақпаннан бастап "Бірінші арнадан" көрсетіледі.  Хабарландыруға сенсек, сабақты өткізіп алған ата-аналар мен оқушылар теледидарға телміруі тиіс. Үкімет тікелей трансляция арқылы да оларды "тәрбиелемек". Осылайша олардың миына "құрт" салудың барлық жағдайы жасалған.  Билік өкілдері Ресей халқының федералды спикерлерді тыңдап, үйінде "ел-жердің" маңызды мәселелері туралы сөйлесуді жалғастыра алатынын айтып отыр.

Бұған қатысты Украина бұқаралық ақпарат құралдары төмендегі сарында ақпар таратты. Олар:

- Путиннің үгіт-насихатымен зомбилеу барған сайын кеңейіп, агрессивті бола түсуде. Балаларыңыздың бүлінбеген санасын барынша қорғаңыз! - деп жазып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

 

Пікірлер