Respublica ресми түрде штабын ашып, үгіт-насихат жұмыстарын бастады

2827
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Respublica партиясы еліміздің барлық өңірін қамтитын республикалық және аймақтық штабтарын ашты.

Respublica басшылары мен Мәжіліс депутаттығына кандидаттар және басқа да партия мүшелері қатысқан жиын өтті. Жиынға барлық аймақтық штабтардың басшылары мен қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қосылды.

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров қатысушыларға сәттілік пен сапалы жұмыс тіледі.

 «Ақыры көптен күткен сәт те келіп жетті.  Сайлаудың үгіт-насихат науқаны басталды. Енді біз барлық күшімізді жұмылдырып, жұмыс істейтін боламыз! Мен барлығыңыздың қаншалықты ұзақ және ауыр жұмыс істегендеріңізді білемін - уақытылы тамақтанбау, ұйқы режимінің бұзылуы, күрделі тапсырмаларды орындау сияқты қиындықтар барлығыңыздың бастарыңыздан өтті.  Қателіктер де болды, жеңістеріміз де аз емес.  Ең бастысы, біз құрылған күнімізден бастап, осы маңызды кезеңге де абыроймен жеттік! Бүгіннен бастап республикалық, облыстық штабтардың есігі әр азаматқа айқара ашық.  Біз халықты өзімізге дауыс беруге шақыра бастадық! Бүгіннен бастап ресми сайтымызда жарияланған сайлауалды бағдарламамызбен танысып, нені жақтайтынымызды, қандай идеяларды насихаттап, қоғамдық талқылауға қандай бастаманы шығарғымыз келетінін білсеңіз болады», - деді партия лидері.

Жиыннан соң, партия лидері Айдарбек Қожаназаров, тең төраға Сырымбек Тау және басқа да жетекшілер алғашқы үгіт-насихат плакаттарын ілу үшін Қазақстанның әр қаласындағы көшелерге арнайы шықты. Осылайша, команда еліміздің барлық аймақтарында іске қосылды. Қызметкерлер мен еріктілер баннерлер іліп, плакаттар жапсырып, азаматтарға үгіт парақшаларын таратуды бастап кетті.

Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасы Respublica партиясының ресми сайтында (respublica-partiyasy.kz) қазақ және орыс тілдерінде жарияланған.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Іңкәр Самат

+77758888190

E-mail: Respublica.party@gmail.com   

Instagram

Facebook

Telegram

TikTok

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер