Алматы облысында үйде шыққан өрттен ер адам мен екі баласы тірідей жанып кетті

1700
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында үйде шыққан өрттен ер адам мен екі баласы тірідей жанып кетті. Бұл туралы журналист Серік Әбікенұлы өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Кеше Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында жан түршігерлік қайғылы жағдай болды. Үйде шыққан өрттен әкесі мен кішкентей екі періште баласы тірідей жанып кетті. Тұрғындар уақытында көмек шақыра алмаған, өрт сөндірушілерге хабар бере алмаған. Неге дейсіз бе? Дамыған Қазақстанның ауылында ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖОҚ! Осы мәселені көтергенімізге он жылдан көп уақыт болған шығар, айналадағы елдімекеннің бәріне екіден вышка қойып, таза қазақтар тұратын алақандай ауылды айналып өтетіндей... Алматы облысының әкімдігінің салғырттығынан халықтың ыза-кегі қайнап отыр қазір...", - деп жазды журналист.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер