Отбасы қайтыс болған қыздарға әкімдік пәтер сыйлады

2219
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында бүкіл отбасынан айырылғане апалы -сіңлі қыздарға әкімдік үй бермек. Бұл туралы Баянауыл ауданы әкімдігі хабарлады.

Хабарланғанындай, отбасынан айырылған әпкелі-сіңлілердің жастары – 17 және 18-де. Екеуі де Баянауылдағы аграрлық колледжде білім алуда әрі колледж жатақханасында тұрады.

Орны толмас ауыр қазаға ұшыраған  қыздарға әкімдік Баянауыл ауылынан 24 шаршы метрлі бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстайды. Сонымен қатар, жалғыз қалған әпкелі-сіңлілерді қолдау мақсатында ауданның жастар орталығы есеп-шот ашты. Облыс әкімі Болат Бақауов өрттен көз жұмған отбасының жақындарына көңіл айтты.

«Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы қайтыс болды. Бекбатыровтардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру шараларына барынша көмегімізді көрсетеміз», - деді Бақауов.

Еске сала кетейік, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы – әкесі, анасы және екі баласы ыстан уланып көз жұмды. Қайғылы хабар төтенше жағдайлар департаментіне кешкі 21:30-да келіп түскен. Анықталғанындай, анасының аяғы ауыр, ішіндегі баласы 5 айлық болыпты.

«06.02.2019 жылы сағат 21:30-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының әкімдігінен Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. 14 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде 4 адамның мәйіті табылыпты. Олар: Бекболатов Рустам – 1979 жылғы, Бекбатырова Наталья – 1980 жылғы, Бекбатырова Динара – 2004 жылғы, Бекбатыров Дамир – 2007 жылғы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Наталья жүктіліктің 5 айында болған. Әкесі мен анасы уақытша жұмыссыз жүріпті. Ауыл әкімі М.А.Мұқановтың айтуынша, отбасы түтіннен уланып қаза тапқан. Оқиға орнында жауапты мекеменің қызметкерлері және кезекші прокурор тексеріс жұмыстарын жүргізуде», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Пікірлер