"Не істерін білмейді, әскерге кетсін!" - Алматы орталығында мектеп оқушылары жаппай төбелесті

2771
Adyrna.kz Telegram
Алматы қаласы орталық аудандарының бірінде мектеп оқушылары жаппай төбелесіп, тұрғындардың мазасын қашырды. Олардың бірін-бірі төпелеп, соққыға жыққанын бейнелейтін видео тарады. Төбелес мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған футбол жарысынан кейін болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Сойқан төбелесті қаз-қалпында бейнелейтін Видео Egov.press telegram-каналында жарияланды.
- Бір-бірінен шошып, қатты төбелескен әтештерді военкомат қабыл етсін! - деп жазды телеграм арнасының авторы.

Қазірде Алматы полиция департаменті, Бостандық ауданының полиция басқармасы атаулы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Төбелеске қатысушылар іс жүргізу үшін полиция басқармасына жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицияға істің мән-жайын анықтау үшін мектеп оқушылары арасында футболдан турнирді ұйымдастырғандар да шақырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер