Астана ауруханасында дәрігерлер қарамай қойған ер адам көз жұмды

1941
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Астанадағы фтизиопульмонология орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген 43 жастағы Руслан Рышқов қабылдау бөлімінде дәрігерлердің қарауынсыз жатып, көз жұмған. Бұл туралы 31 арна жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Марқұмның әйелінің айтуынша, дәрігерлер денсаулығында кінәрат жоқ деген соң ол 6 сағат бойы қараусыз жатқан.

Оқиға 20 ақпанда болған. 8 жылдан бері демікпемен ауыратын науқастың бұл жолғы жағдайы аса ауыр болғанмен қабылдау бөліміндегі мамандар оны ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Сол үшін марқұмның әйелі Айзада Құлмұратова ісіне салғырт қараған дәрігерлерді сотқа бермек.

“Егер саған менің телефонымды сындырып берсе, сен сенбе деді. Мен өлейін деп жатырмын, мыналар мені қарап жатқан жоқ деді. Ол жалғыз өзі таңға дейін қабылдау бөлімінде қиналып жатқан. Таңғы сағат 7:30-да медбике тағы қоңырау шалды. «Күйеуіңізді алып кетесіз бе, жоқ па?» деді”, – дейді шарасыз әйел.

Оның айтуынша, бастапқыда күйеуінің денсаулығында кінәрат жоқ деген дәрігерлер 2 сағаттан соң қайта қоңырау шалып, оның қайтыс болғанын жеткізген. Өлімге тромбтың жарылуы себеп болған депті.

Ал Астана қалалық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Анна Цепке құпия жағдайда көз жұмған науқасқа қатысты толыққанды мәлімет бере алмаған. Тілшілерге «тек марқұмның әйелі құзырлы органдарға шағымданған жағдайда ресми жауап болады» деп қысқа қайырыпты жауабын.

Пікірлер