Мүфтият қашан қоғамға қажетті істермен айналысасыздар?!

2558
Adyrna.kz Telegram

ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Ораз хазірет, жалпы Мүфтият қашан сіздер қоғамға қажетті істермен айналысасыздар?! Мыналарыңыз ыңғайсыз тірлік емес пе?
Қазір сіздер "Маникюр жасаудың үкімі", "Шаш бояудың үкімі", "Жасанды кірпік жапсырудың үкімі" туралы пәтуа шығаруды талқылайын деп отырсыздар. Осы қоғамға қажет пе?

Сонда Мүфтият басқа пәтуа шығаратын ештеңе таппады ма? Өкінішті әрине!
Одан да неге қоғамда күйіп тұрған мәселелерге байланысты дер кезінде пәтуа шығармайсыздар?! Кешегі көпбалалы аналардың жанайқайы, жасөспірімдердің қылмысқа көптеп баруы, жемқорлықтың тым асқынып кеткеніне қатысты пәтуа шығарсаңыздар нетті? Әйтпесе, анандай болмашы пәтуа кімге керек?!.
Маникюр-педикюр, шаш бояу, кірпік жабыстыру дегендер қоғамның сұранысы ма? Оған пәтуа не керек?..
Бәрібір маникюр-педикюр, шаш бояу, кірпік жабыстыру туралы пәтуаларыңызды алып тастасаңыздар дұрыс болар еді. Оның түкке керегі жоқ! Онсыз да қоғам ашынып отырған мынадай кезде, сіздердің болмашы тақырыпқа пәтуа шығарып отырғандарыңыз жөнсіз деп есептеймін! Ертеңгі күні мына тірліктеріңізбен тағы да көпшіліктің көңілін қалдырасыздар!!!
Сіздер шын көңілмен сын айтқан адамға ренжіп, оны "ала қарға" қылмаңыздар!

Керісінше, осыдан қорытынды шығарсаңыздар жақсы-ақ болар еді...

Серік Жұмабаевтың Фейсбук парақшасынан

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІ мәжілісі басталды.

Кеңес хатшысы, PhD доктор Ершат Оңғаров «Пәтуалар жинағы-ІІ» кітабының мазмұны жайлы баяндады.

Мәжілісте «Желілік маркетинг үкімі», «Пойыз және ұшақта намаз оқу үкімі», «Маникюр жасаудың үкімі», «Шашты бояудың үкімі», «Жасанды кірпік жапсырудың үкімі», «Телефон және интернет арқылы неке қию үкімі», т.б. тақырыптар төңірегінде әзірленген пәтуалардың мәтіні талқылануда.

Пікірлер