"Сарыарқа самалына" 90 жыл!

2258
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ерке Ертістің жағасындағы Павлодар облысының бас газеті "Сарыарқа самалына"  90 жыл толып отыр.

«Сарыарқа самалы» газеті  алғаш рет 1929 жылғы 15 ақпанда жарыққа шықты.

Кеңестік идеологияның талабына сәйкес «Кеңес туы», «Колхоз», кейін «Қызыл ту» деген атаулармен жарық көрген.

Ел егемендігін алған соң  «Сарыарқа самалы» деген атауды иеленді.

Газеттің алғашқы редакторы қазақ филология ғылымының негізін салушы, түркітанушы, әдеби сыншы Бейсенбай Кенжебаев.

Бейсенбай Кенжебаевтан кейін газетке әр жылдары Ғалым Малдыбаев, Балтабек Асанов, Әлімбек Жанғабылов, Әубәкір Аяпбергенов, Сары Мыңбаев, Хамза Сыздықов, Әзілхан Нұршайықов, Омарғали Құдышев, Сұбыхан Шошанов, Балтабай Сейсенбеков, Әлқожа Мұхамеджанов, Мұхит Омаров, Асыл Әбіш редакторлық етті.

"Сарыарқа самалы" облыс жұртшылығы асыға күтіп оқитын, халықтың сырласына айналған газет бола білді. Бұқара мұң-мұқтажын, қуаныш қайғысын осы басылым арқылы бөлісуде.

Біз керекулік әріптестерімізді тоқсан жылдық мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Жазғандарыңыздан жазарларыңыз көп болсын!

Құрметпен "адырналықтар".

 

Пікірлер