Сыр өңіріндегі 11 сайлау учаскесінде әскерилер мен мұнайшылар, емдеу мекемелерінің қызметкерлері дауыс берді

1616
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында Таңғы сағат 6.00-де 11 учаске ашылды. Қалған учаскелер сағат 7.00-де өз жұмысын бастады. 

Аймақ бойынша барлығы 373 сайлау учаскесі бар. Оның 29-ы ерекше жағдайдағы, яғни әскери гарнизондар, тергеу изоляторлары, вахталық қалашықтар мен емдеу мекемелері.
Алғаш болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5547 әскери бөлімінің 304 сарбазы мен қызметкері өз дауысын берді.
Тағы бір учаскеде «Құмкөл» кенішіндегі ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар таңмен таласа келісіп, өз дауыстарын берді.

Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар бір мезетте өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін таныта білді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 486002 сайлаушы бар.

 

Пікірлер