Өскеменде 37 көше мен саябаққа Алаш қайраткерлерінің аты берілді

2501
Adyrna.kz Telegram
Революционная – Қалихан Ысқақ, Орджоникидзе – Сағадат Нұрмағамбетов
Бүгін Өскемен қаласы шын мәнінде Рухани жаңғырған күн болды. Облыс орталығындағы орталық көшелердің барлығы да саяси мағынасы әлдеқашан ескірген ескі атаулардан бір-ақ күнде арылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.Атап айтсақ, Ворошилов – Шәкәрім, Революционная – Қалихан Ысқақ, Орджоникидзе – Сағадат Нұрмағамбетов, Дзержинский – Әміре Қашаубаев, Октябрьская – Мұхамеджан Тынышпаев, Комсомол көшесі – Жастар болып өзгерді.

Ал «Жастар» саябағына даңқты партизан Қасым Қайсеновтың есімі берілді.

Бұлар тек басты-бастылары ғана. Өскеменде бүгін барлығы 37 көше мен даңғыл және саябақтар жаңа атауға ие болды.
Сонымен бірге Семейде, Риддерде, Курчатовта және Жарма ауданында көшелер мен ауылдардың атаулары өзгертілді. Аталған өзгерістерді облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қолдау, дауыс берді.

– Бұрынғы кеңестік заманда басқа өмір, басқа заман болды және де үлкен қателіктер жібердік. Енді сол қателіктерді қайтадан қайталамауымыз керек. Соның бәрін ескере келе, біз облыстағы көшелердің атауларын ауыстырғанда көпұлтты мемлекет екендігімізге де басты назарды аудардық, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов сессияда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер