Талдықорғандық зияткерлердің ғылыми жобалары үздіктер қатарында

7272
Adyrna.kz Telegram

XII Наурыз кездесулерінде Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Наурыз кездесулері Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ маңызды дәстүрі болып табылады. Астана қаласында жүздеген дарынды оқушы «Биомедицина, инженерия және технология» тақырыбы бойынша өз зерттеулерін ұсынды.

Байқауда Талдықорған NIS командасы бес ғылыми жобаны ұсынады: медицинада қолданылатын гидравликалық манипулятор, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдауға арналған «Қауіпсіз NIS» мобильді қосымшасы, медициналық робот-Медбике, жер сілкінісі мен техногендік апаттар кезіндегі құтқарушы робот, сондай-ақ нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік.

Осылайша, Виктор Кахно, Максим Сурин, Мирхаят Денидің «Көзі нашар көретін адамдарға арналған көзілдірік» жобасы екінші орынға ие болды. Олар автономды көзілдірік ойлап тапты, оның көмегімен зағип адамдардың күнделікті өмірі айтарлықтай жеңілденетіне сенімді.

Аталмыш жоба екі рет студенттік Enactus конкурсының жеңімпазы, NARXOZ университетінің мемлекеттік гранттарының иегере атанды, сондай-ақ биыл Каирде өткен «Ai forum» жастар форумында таныстырылып, жігіттер Blockchair компаниясынан 10 000 доллар ұтып алды.

ІІІ орынды Еркежан Үмбетбаева мен Виктор Кахноның жобасы жеңіп алды. Бұл дәрігерлер мен науқастарға көмектесетін «Medbot» роботы.

«Біздің робот кадр тапшылығы мәселесін шешуге арналған. Төсекке таңылған науқастардың өз-өзіне күтім жасауы өте қиын. Робот оларға көмектесе алады, ол дәрі-дәрмекті дер кезінде әкеліп, инъекция жасайды, сонымен қатар кварц шамдары арқылы бөлмелерді дезинфекциялай алады. Сонымен қатар, фейс-контроль арқылы науқасты тану функциясы бар», - деп түсіндірді Еркежан.

Даниал Шокобалиновтың қиын жағдайда қалған балаларды қолдауға арналған «Қауіпсіз NIS» мобильді қосымшасы екінші орын алып, үздік үш жобаның қатарына енді.

Автордың айтуынша, қосымшаның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына суицидпен байланысты мәселелерге тап болған жағдайда ақпарат алуға және қолдау көрсетуге көмектесу.

Жәния Жұматай мен Іңкәр Құрманбаеваның Құтқару роботы ғылыми жобалары арнайы номинациямен марапатталды. Жас зиялылар төтенше жағдайда адамдарды құтқара алатын робот құрастырды.

Биылғы жылғы наурыздағы ғылыми жобалар байқауы замануи медицинаның жаһандық трендтеріне арналды: денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, машиналық оқыту мен үлкен деректерді енгізу. Кездесу қатысушылары Назарбаев Университетінің Медицина мектебі және Инженерия мен цифрлық технологиялар мектебі, сондай-ақ республика Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану барысымен танысты.

Зияткерлік мектеп оқушыларымен қатар жоба қорғауға ғылым алаңына алғаш рет 17 ауылдық тірек мектеп өкілдері шықты. Олардың Астанаға сапарын Білім беруді тұрақты дамыту қоры ұйымдастырды.

Пікірлер