Мұхтар Тайжан: Жер кодексінің нақты нормаларын заңдастыру керек.

1973
Adyrna.kz Telegram

Жер мәселесі - мойымда іліп тұрған ең үлкен жүк. Естеріңізде болса Астанаға көшіп келгенімнің басты себебі осы жер мәселесі болатын. Мәжілісте кеше өткен дөңгелек үстелдің ең басты нәтижесі - біздің ұсыныстарымызға депутаттар пен Үкімет жалпы қарсы емес, бірақ енді бұл ұсыныстарды Жер кодексінің нақты нормаларына енгізіп заңдастыру керек.

Тағы да естеріңізге сала кетейін. "ЖЕР ЕШКІМГЕ САТЫЛМАСЫН!" деген халықтың тілек-талабын орындату үшін біз жеке меншік институтын Жер кодексінен алып тастауымыз керек. "ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖАЛҒА БЕРІЛМЕСІН!" деген сөз - жер тек қана ҚР азаматтарына, немесе 100% ҚР заңды тұлғаларына тек қана жалға берілсін деген сөзді білдіреді.

СОНДЫҚТАН БІЗ ЖЕКЕ МЕНШІК ИНСТИТУТЫН ЖЕР КОДЕКСІНЕН АЛЫП ТАСТАП, ОНЫҢ ОРНЫНА ЖАЛ ИНСТИТУТЫН ЕНГІЗУ ТИІСПІЗ.

Біз үлкен көлемдегі, мыңдаған гектары бар жерлерді айтып отырмыз, яғни ол ауыл шаруашылығына арналынған жерлер. Ал мысалы жер үй, мектеп, балабақша, завот, қоймалар, СТО, қонақ үй, көп пәтерлі үйлер, т.б. - бұндай жерлерге тиіспейміз. Бұндай жерлердің заң тәртібі бұрыңғы қалпыда қала береді.

Одан басқа БІРЫҢҒАЙ АГРАРЛЫҚ САЛЫҒЫ, КОСМОМОНИТОРИНГ деген сияқты жаңа нормаларын Жер кодексіне кіргізу керек. Бұл нормалар латифундизмге жол бермеу үшін, фермерлерді жерге дұрыс, ұтымды пайдаландыру үшін керек.

Одан басқа БАНКТЕРДЕ КЕПІЛДІКТЕ КӨП ЖЫЛ БОЙЫ БОС ТҰРҒАН ЖЕРЛЕРДІ БОСАТАТЫН ЖОЛДАРЫН ТАБУ КЕРЕК.

Сондай-ақ, бұдан былай бірнеше ай өзімнің басты жұмысым осы болады, достар. Депутаттармен, Үкіметтің қызметкерлерімен бірге біз жаңа, сапалы заңды қабылдату тиіспіз. Ертең халық менен басқа басқа емес, нақты осы жер мәселесін сұрайтын болады. Жауапкершілікті түсіне отырып мен бұл ең жауапты жұмысқа кірісемін. Әлбетте жалғыз болмаймын деп білемін!

Мұхтар Тайжанның Фейсбук парақшасынан

Пікірлер