"Адамдық сана-cезімдерің қайда?" - Тұрғындар Наурыз мерекесінде таратылған асты төгіп, киелі нанды шашты

2719
Adyrna.kz Telegram

Наурыз мейрамын тойлаған тұрғындар "адал асты" төгіп, нан кесектерін көшеге шашты. Оқиға Алматы қаласында болған. Тұрғындардың тұрпайы әрекетіне ашынған азаматтың "адамдық қасиет, сана-cезім" іздеп шарқ ұрғанын видеодан көруге болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Наурыз мейрамын тойлаған жұрт тегін таратылған тамақты көшеге төкті. Оқиға Алматы қаласында болған. Әлеуметтік желі де тараған бейнежазбадан қоқыс жәшігінің маңында шашылып жатқан нан кесектері мен ыдыстардан ақтарыла төгілген көжені көруге болады. Ысырап болған асқа ашынған автордың әлеуметтік желіге жүктеген видеосы көпшілікті ызаландырды.

Өкінішке қарай, бірде тегін тамаққа таласып, бірде тегін асты лықа төккен тұрғындардың видеосы ақпарат айдынын шарлап әлі шарлап жүр. Журналист Оңғар Қабден Қазақ елі азаматтарының мұндай әрекетін шетелдіктердің көріп, жағасын ұстағанын жеткізді.

- Халық аш, жалаңаш деп ақтамай-ақ қойыңыздар. Бір тарелке тамақ үшін Африканың өзінде бұлай таласпайды. Тегін тамақ, тамақ тарату деген акцияны тоқтату керек. Жетімдер үйіне, қарттар үйіне барып істе. Мешітке апарып қатымханасына жай дастарханды. Адам құсап отырып жесін. Не мынау? Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті. Бағана Украинадан хабарласқан жігіттер шок болып жатыр. Не айтарымды да білмедім, - деп жазды журналист.
"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

Пікірлер