Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыс орталығы ашылды

823

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Оразалы Досбосынов атындағы айтыс орталығы ашылды.

Оған қазақтың белгілі қаламгерлері қатысып, ақынның шығармашылығы жайлы естеліктер айтты. Шара әрі қарай жас ақындардың мүшәйрасымен жалғасуда.

Темірхан Тебегенов, профессор:

Ауызша авторлық поэзия мен жазба әдебиеттің тұтас құбылысы осы жерде сарапталып, студенттердің дайындық деңгейлері негізгі сабақ түрінде талқыланып отырады. Сондай-ақ әдеби ізденістерге қатысты қандай ғылыми жетістіктер болып жатыр, соның бәрі орталықта талқыланып отырады. Дәрістер өткізіліп, әдеби-танымдық шаралар өткізіліп отырады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы