Қазақты...қазақ бағала!

851

Бірін-бірі тілдеп жатқан қандастарымызды көргенде, жан ауырады...
Бұл-құлдық танымның бір көрінісі...

Римде құлдар бір ғана рет көтеріліс жасаған...

Флор ұқпайды,  Аппиан түсінеді.  Гладиаторлар өзара достаспауға тырысқан...

Бүгінгі дос-ертеңгі қарсылас.  Сонда-сезім,қанжарға бөгет!

Спартак бастап шыққан құлдар Римнен кетуге бас тартқан.    Джованьидікі гипербола!

Алтынорда хандары қоластындағыларды бір-біріне қоспаған.  Тәуекел қырғыз,  қарақалпақ,  қалмақтарды әр қанатта бөлек басқарған...

Ганди мен Машрики бастаған буддашылар мен мұсылмандар бірге достықта күн кешеміз дегенде...ағылшындар қарсы шыққан!
1857 жылғы сипайлар көтерілісін-ағылшындар өздері жасаған.

Германиядан қалған Руандада Тәуелсіздік алған соң 1994 жылы 6 аптада хуту тайпасы,  тутсу тайпасының 500000 адамын мачета-пангамен қырып тастаған...

Мәңгілік көршілер-жендеттерінен балаларын қинамай,  оқпен өлтіру үшін... соңғы ақшаларын берген!
Мен бұл жерде бельгиялықтардың қатысы бар екеніне,  анық сенемін!
Осы қырғыннан миллион адам жан берді!

Руды айту-өте қауіпті!
Біз балаң тәуелсіз елміз!
Біздің бөлек болғанымыз,ара айтысымыз-жатқа пайдалы!Билікке де..
ҚАЗАҚҚА ЕМЕС!
Тәуелсіздікті сүю-ҚАСЫҢДАҒЫ ҚАЗАҚТЫ СҮЮДЕН БАСТАЛАДЫ...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы