Ақша тартуды емес, турист тартуды қолға алу керек!

806

Мынау тұрған көршіміз Өзбекстаннан үйренсек болады ғой!
Былтырлары ма еді "Оңтүстікте туризм сұмдық дамып жатыр"- деп жарнаманы жаудырып жатыр еді.
Интернеттен іздесең ем алатын шипажайдың номері түгілі мекен-жайын іздеп әрең табасың! 
Не керек нөмірін іздеп тапқан соң, ең қызметі жоғары деген шипажайыңның өзі телефонға дұрыс жауап бермейді.
Құрсын денсаулық үшін келесің ғой, бірақ төлеген ақшаң шет елге екі рет демалып келетін қаржы төлеген соң ойланып қалады екенсің! Шипажайға кіргеннен аңырыған үңгірге кіргендей үлкен сумкамен артынып тартынып кірдік. Есікті ашып кіргізетін ешкім жоқ. Менеджер ақшасын алып алды да, содан жоқ болды. Қайда баратынымызды білмей, аңқиып тұрмыз. Содан өзіміз іздей бастадық не істеу керек, қандай процедуралар қабылдау керек. Ешкім жауап бергісі келмейді. Содан дауыс көтеріп, төлеген ақшаңа қарай қызмет талап етуге тура келді. Соның өзінде шапшаң қимылдап жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді көрмедім. Ауырып келген адам ештеңені жақтырмайтыны тағы бар.
Ең қызметі жоғары деген шипажайыңның сервисі осы болса, қалғандары жайлы ауыз ашпай ақ қояйын! Көрші тұрған Өзбекстанның шипажайы түгілі, жеке емханаларының өзі адамның миын демалдырады. Кіргеннен күліп қарсы алып, өзіңе арнайы бір медбикені тағайындап қояды. Ал бізде қалай, у дай қылып ақшаңды алады төбеңнен ойып тұрып ұрсып тұрып еміңді береді. Ұнамаса кете беріңіз дейтіндерін айтсаңызшы!
Біз бұлай ел болмаймыз!
Әркімнен ақша алып, қарызға бата бергенше. Табиғат беріп жатқан минералды байлығымызды, бүкіл әлемге паш етіп туристерді тартып баюға кім кедергі?!
Шипажайлар басшылары Пиар Менеджер, программист, маркетолог жалдаңыздар! Мынау қызмет болмайды!
Алған ақшаларыңа қызметтерің сай болсын! Сол кезде ғана клиенттер қайта келеді!

Айгүл Орынбектің Фейзбук парақшасынан

Пікірлер
Редакция таңдауы