Үкімет отырысы. Шекара маңындағы ауылдарды дамытуға 290 жоба арналады

3061
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров үкімет отырысында көрші елдермен шекаралас аймақтарда қоныс тепкен ауылдардың әлеуетін көтеру мәселесін сөз етті. Еліміздегі 65 ауданда шекара бойында орналасқан 1 283 ауыл бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Шекара бойында қоныстанған ауыл-аймақтарға 1,7 млн халық тұрады. Шекара маңындағы ауылдардың әлеуетін арттыру бойынша 290 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

"Елімізде 65 ауданда 1,7 млн халқы тұратын барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар. "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асыру жоспарлануда.  Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді", – деді Қуантыров.

Оның ішінде, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, еңбек тапшылығы бар шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу және басқа бағыттар бар. Шекаралас аймақтарда орналасқан елді-мекен тұрғындарына өзге да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген.

"Бұдан басқа, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру болады. Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету шаралары іске асырылатын болады", – деді Әлібек Қуантыров.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер