Түркістанда 11-сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

2926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/1681481591749.jpeg
Түркістан облысы полицейлері Ордабасы ауданында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Олар тоған ішінен мәйіті табылған жасөспірім қызды өлтірді деген күдікпен 11-cынып оқушысын қамауға алды, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы.  Күдікті ретінде танылған 11-cынып оқушысының полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынғаны хабарланды. Қазіргі уақытта полиция жан түршігерлік жайттың жай-жапсарын анықтауға кірісті. Тергеу  ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі “Адам өлтіру” тармағы бойынша жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қыршын кеткен жасөспірімнің оқиғасын жіті анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісін Түркістан облысы полиция департаменті басшылығы жеке бақылауға алғаны айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Комментарии