Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды

1763
Adyrna.kz Telegram

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы SSS.fi басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, Полтараниннен бөлек, эстон шаңғышысы Андрус Веерпалу және австриялық Макс Хауке қамауға алынған.  Неміс және австриялық полицейлердің халықаралық допинг желісін анықтау аясындағы акция барысында осындай әрекеттерге барғаны айтылады. Барлығы тоғыз адам ұсталған, оның ішінде бес спортшы бар.

[caption id="attachment_15435" align="aligncenter" width="399"] 1397552 03.03.2013 Спортсмен из Казахстана Алексей Полторанин, завоевавший бронзовую медаль в гонке на 50 км классическим стилем с масс-старта в соревнованиях мужчин на чемпионате мира по лыжным видам спорта в итальянском Валь-ди-Фьемме, на церемонии награждения. Илья Питалев / РИА Новости[/caption]

Сәрсенбіде, 27 ақпанда, Австрияның Зеевельд қаласында әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Полтаранин ерлер арасында 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша алтын медальға таласуы керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа қатыспады. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жағдай қамауға алу шарасына байланысты болса керек. Австрияда допинг қолдану - қылмыстық іс.

Алексей Полторанин 2013 жылы Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өткен шаңғы спорт түрінен өткен әлем біріншілігінің марапаттау рәсімінде. © Илья Питалев/РИА Новости Алексей Полторанин - 2013 жылы өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарында төрт алтын медальдің иегері. Спортшы үш қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғады - 2006 жылы Туринде, 2010 жылы Ванкуверде және 2014 жылы Сочиде.

Пікірлер