Қазақ баласы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

1763
Adyrna.kz Telegram
15 жастағы Қазақ елінің спортшысы Алдияр Аңсат 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін өткен матч аясында жеңіске жетті. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы кубогының бірінші кезеңі — Kazakhstan Chess Cup 2023-те жеңіс тұғыры, табыс төрінен көрінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

22-30 сәуір аралығында Астанада шахматтан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтті. қазақстандық шахматшы Алдияр Ансат жеңімпаз атанды, деп мәлімдеді Қазақстан шахмат федерациясы.

"Тартысты өткен ойын барысында турнирдегі жеңіс 15 жастағы қазақстандық шахматшы Алдияр Аңсатқа (FIDE рейтингі – 2317) бұйырды. Бәсекеде жас шахматшы кубокқа қатысқан бірқатар атақты гроссмейстерлерді жеңе білді. Турнир барысында ол 7,5 ұпай жинады", - деп мәлімдеді Шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Екінші орынды Арменияның шахматшысы Шант Саргсян иеленсе, үшінші орын украиналық Александр Моисеенкоға бұйырды.

"Әйелдер арасында бірінші орынды екі апта бұрын Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасының әлем әйелдер құрамасына қарсы өткен турнирінде өзін жарқын танытқан алматылық әйелдер арасындағы халықаралық шебер Алуа Нұрманова иеленді. Екінші орын шымкенттік Аяулым Қалдароваға бұйырса, үшінші орынға астаналық Әмина Қайырбекова тұрақтады", - деп сүйіншілерді федерацияның баспасөз қызметі.

Орайы келгенде айта кетейік, Аңсат бұдан бұрын Астанада өткен турнирде халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлерді жеңіп, чемпион атанған-тұғын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер