МАРҒҰЛАН ЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ: Ұлы даланың Ұлы жолы Жезқазған-Қызылорда тас жолы. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіреміз деп жүріп осы жолды ұмытып кетіппіз...

2143
Adyrna.kz Telegram
Ұлы даланың Ұлы жолы Жезқазған-Қызылорда тас жолы. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіреміз деп жүріп осы жолды ұмытып кетіппіз. Ой, мән бермеппіз.
Бұл жол 400 км. Жол халықаралық стандартқа сәйкес салынса (басқа мақсатқа кетпей) екі өңірдің ғана емес, ел экономикасының айтарлықтай дамуына септігі тиер еді. 30 жылда осы жолды сала алмасақ та, пайдасыз форумдар өткізіп, 167 Форбс өкілдерін өсірдік.
Қыс, көктем айларында жүру қауіпті. Бұл аралықта ешқандай елді мекен жоқ. Байланыс ұстамайды. Капут боласың. Осы жолмен өткен әрбір адам "ех, осы жолмен жоғарыдағыларды жүргізсе" деген сөздерді еріксіз айтады.
Көше сыртындағы ЛРТ-ні бітіре алмай жүргендер айдаладағы жолды қайдан бітірсін....
Пікірлер