Астанада өндірістік алпьпинист жетінші қабаттан құлап мерт болды

1840
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Терезе тазалаушы тоғыз қабатты ғимараттың сыртында жұмыс істеп жатқан кезде альпинистік құралынан құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна".

1 мамыр күні, сағат 17:33-те 103 қызметіне 1988 жылы туылған ер адам тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде биіктіктегі жұмыстарды, атап айтқанда ғимарат сыртындағы терезелерді жуу кезінде жетінші қабаттан альпинистік құралдан құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Ведомство жыл сайын аптап ыстық салдарынан балалардың да, ересектердің де жазатайым терезеден құлау оқиғалары көбейіп жатқанын атап өтті. Көбінесе қайғылы оқиғалар үлкендердің көңіл аудармауынан және терезелерді жуу кезінде немқұрайлылықпен қарағаннан туындайтынын айтты. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер