Нұрділдә Ораз БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды

2121
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/batys_kz/
Фото: instagram.com/batys_kz/

Белгілі журналист Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы  Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Нұрділдә  Ораз тағайындалған.

Айта кетейік, Нұрділдә Ораз 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" және ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын Құқық қорғау қызметі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "31 арна" ЖШС "Информбюро" жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған. 2004-2009 жылдары – "Астана" телеарнасының репортер-сарапшысы, "Қазақстан" ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының редактор-жүргізушісі болған.

2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі қызметтерін атқарған.

Пікірлер