Қазақ жауынгерлері АҚШ-та өткен сайыста жүлдеге ие болды

2438
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Аризона ұлттық гвардиясының “Ең үздік жауынгер “байқауында марш-бросок (жүгіру) бойынша жетекші орын алған 3-сыныпты сержант Ермек Зайлаги мен кіші сержант Назира Әлбосынованы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пораталы. 

Сержант Зайлаги 40-тан астам бәсекелесті басып озып, екі сағаттан сәл ғана асатын жүгіру жарысында жалпы есепте бірінші орынды иеленді, ал сержант Әлбосынова да жоғары көрсеткішпен мәреге жетті.

Марш-жүгіру - 15 килограмдық пакетті киіп жүгіретін 20 шақырымдық «тас жол маршы».  “АҚШ-Қазақстан мемлекеттік әріптестік” бағдарламасы аясында Қазақстан қарулы Күштерінің бас сержанты Темірбек Халықов Аризона Ұлттық гвардиясымен бірге оқу-жаттығуларына қатысты. Олар Аризона Ұлттық гвардиясының сарбаздарымен 15-тен астам түрлі іс-шараларға қатысып, күштері мен төзімділігін көрсетті.

Сержант Әлбосынова да жарысқа қатысқан қазақ әйелдерінің алғашқысы.

Пікірлер