ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНАН ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ !!!

2519
Adyrna.kz Telegram

Жұмыс тобына Астана қаласының белсенді азаматтары, көп балалы аналар, заңгерлер қатысуда..
Кеше ҚР Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті..

Жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан азаматтардың еңбек шарттары сақталмауы, балаларға төленетін жәрдемақы көлемі, көпбалалы отбасыларға, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедек балаларға, Алтын алқа, Күміс алқалы батыр аналарға, балалар үйінен шыққан балаларға, жалғыз басты аналар жəне тағы басқа адамдарға қандай көмек түрі көрсетілетін туралы ұсыныстар əзірлеп Үкіметке ұсынамыз деген пікірлер айтылды..
Халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ең бірінші мəселе:-
Тұрғын үй мəселесі бойынша - тұрғын үйге кезекте тұру үшін əкімшілік тарапынан жасалып отырған заңсыздықтар туралы;
Денсаулық саласы бойынша - болып жатқан заңсыздықтар туралы;
Білім саласы бойынша - болып жатқан заңсыздықтар туралы жəне тағы басты Еңбек, əлеуметтік мəселелер бойынша заңсыздықтар бойынша нақты ақпараттар болса, ұсыныстар болса хабарласуларыңызды сұраймын..

Барлық құзырлы мекемелердің басшылары қажеттілікке байланысты шақырылатын болады..

Сіздердің берген ұсыныстарыңыз бен нақты заң бұзушылық туралы ақпарат болса: - nurali-tur777@mail.ru;
Менің байланыс телефоным:
+7 701 553 69 48 ;
+7 747 926 72 51 ватсап;
Егеубаев Айдын Қалдыбайұлы-хабарласыңыздар.

Пікірлер